Ақтөбе облысы,Темір ауданы, Жақсымай ауылдық округі, Шұбарқұдық ауылы «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы МКҚК

Бөбекжай - балабақша мекен-жайы, телефоны: Шұбарқұдық ауылы, Новостройка 19А

8(71346)2-40-95

Бөбекжай-балабақшаның құрылған жылы: 1997жыл

Күрделі жөндеу жұмысы 2013 жылы болды.

Тәрбиеленушілер саны: 75

3 топ әр топта 25 баладан

10 педагог, 14 кіші қызметкер тұрақты қызметте  және 3 оператор жылыту маусымы уақытында уақытша қызметке келеді. Барлығын қосқанда ұжымда 27 қызметкер.

Өзекті мәселесі:Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін ұйымдастырудың әдістемесін,өзектілігін ғылыми тұрғыдан түйіндеу.

 

Педагогтардың сапалық құрамы

 

Ұжымда:                                                             Санат:

  1- меңгеруші                                                   педагог- модератор-1

1- әдіскер                                                          1 санатты-1

1-музыка жетекшісі                                            2 санатты-1

1-психолог

6-тәрбиеші қызмет жасайды.

Білім бойынша:

Жоғары білімдісі-7

арнаулы орта білімді-3

 

«Айгөлек» балабақшасы туралы мәлімет

 

«Айгөлек» балабақшасы 1997 жылы салынып, 1998 жылы қолданысқа берілді. Балабақша ғимараты бір қабатты, кірпіштен салынған.Жылыту қазандығы отынның газ түрімен жылытылады. Суы мен канализация  орталықтандырылған. 1998жылдан 2014 жылға дейін жобалық қуаты 50 орындық яғни, екі топ  болды.

2013 жылы 19189285 теңгеге күрделі жөндеу жұмысы жасалды. Есік,терезе, линолеум, қабырғаларды  жаңартты, батареялар жаңартылды, үш топқа бойлер аристон қондырып  ыссы сумен қамтамасыз етті, әр топқа балаларға арналаған дәретханалар мен қолжуғыштар  жасалды. Дәретханалар кафельденді. Ғимараттың төбесі жұмсақ жабынменен  жөндеу жұмысы жасалды, ғимараттың ішінде орналасқан  жылыту пештері ЯИК-100-ді ғимараттың сыртқы бөлігіне бөлек котельныйге  ауыстырды. 2 дана ЯИК-100 жылыту пеші бар.

2014 жылдан бастап жобалық қуаты 75 орындық болып, «Күншуақ» тобы ашылды. Қазіргі таңда «Ақбота» ересек тобы, «Балапан» ортаңғы тобы, «Күншуақ» I кіші топтар жұмыс жасайды.

2020 жылы балабақшаға жалпы саны 13 бейнебақылау камералары  орналастырылды. Оның 7 бейнебақылауы ғимараттың ішкі бөлігіне ал, 6 ғимараттың сыртқы бөлігіне орналастырылды.  Қазіргі уақытта барлық бейнебақылау камералары жұмыс жасап тұр.

2021-2022 оқу жылы ғимараттың шатырын күрделі жөндеуге  жоспарға енгізіп қойды. Қазіргі таңда техникалық қорытындысы мен жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптамадан өтуге  қаражат қарастырылуда.

Қызметкерлер саны -27 ,оның ішінде педагогтар саны- 10.

7- жоғары білімді

3- арнаулы орта

1- бірінші санатты

1- екінші санатты

1- модератор

Барлық педагогтар уақытында біліктілік арттыру базалық курстан өтіп отырады.