Бiз туралы
«Айгөлек» балабақшасы туралы мәлімет
«Айгөлек» балабақшасы 1997 жылы салынып, 1998 жылы қолданысқа берілді. Балабақша ғимараты бір қабатты, кірпіштен салынған.Жылыту қазандығы отынның газ түрімен жылытылады. Суы мен канализация орталықтандырылған. 1998жылдан 2014 жылға дейін жобалық қуаты 50 орындық яғни, екі топ болды.
2013 жылы 19189285 теңгеге күрделі жөндеу жұмысы жасалды. Есік,терезе, линолеум, қабырғаларды жаңартты, батареялар жаңартылды, үш топқа бойлер аристон қондырып ыссы сумен қамтамасыз етті, әр топқа балаларға арналаған дәретханалар мен қолжуғыштар жасалды. Дәретханалар кафельденді. Ғимараттың төбесі жұмсақ жабынменен жөндеу жұмысы жасалды, ғимараттың ішінде орналасқан жылыту пештері ЯИК-100-ді ғимараттың сыртқы бөлігіне бөлек котельныйге ауыстырды. 2 дана ЯИК-100 жылыту пеші бар.












